Жетісу облысында массаж шапандарын алып, алдану дерегі бойынша тұтынушылардан өтініштер азаймай келеді. Жыл басынан бері 7 тұтынушы өтініш білдіріп, олардың 4 тұтынушының жалпы көлемі 4 470 000 теңге қаржысы қайтарылған. Ал қалған 3 тұтынушының мәселесі бойынша құжаттары сотқа материалдар дайындалуда.
Осы және өзге де сұрақтар бойынша 2024 жылғы 24 шілде күні Азаматтарды қабылдау орталығында Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті «Жетісу облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау» ҚБ өкілдерімен қабылдау өткізіп, азаматтардың мәселелерін қарастырды.
Қарабұлақ ауылының зейнеткері осы массаж құрылғысы бойынша қаржысын қайтара алмай жүргендігін жеткізіп, сотқа дейінгі шағым хат жазғанын бірақ қанағаттанарлықсыз жауап алғанын атап өтті. Тұтынушы тауарды алғаннан кейін келесі күннен бастап қайтару бойынша іс-әрекет жасағанын жеткізіп, алайда толық 1 миллион теңгеге жуық қаржыны бір жыл көлемінде әлі қайтармағанын жеткізді.
Департамент басшысы Айдос Дауешев тұтынушы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі — Заң) 7-бабының 7-тармақшасына сәйкес тиісті де, тиісінше емес сападағы тауарды айырбастауға немесе қайтаруға құқығы бар екенін жеткізді.
Құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұтынушы ретінде дүкен иесінен құқықтар мен заңды мүдделердің бұзылуын ерікті түрде жою туралы талаппен шағымына қанағаттанарлықсыз жауап алуына байланысты, ендігі кезек азаматтық-құқықтық қатынастар аясында, яғни тұтынушы сотқа сауда иесіне арыз жазу қажеттігін жеткізді және сотта департамент 3ші тұлға ретінде қатысып, тұтынушы құқықтарын қорғайтынын атап өтті.
Ал Талдықорған қаласындағы зейнеткер жарты миллионға жуық соммаға онлайн тапсырыспен аяғына арналған жақпа май алған. Алайда препараттың мерзімі өтіп кеткенін білмеген зейнеткер жақпамайды қолданған соң аяғын күйдіріп алғанын жетізіп, ауруханада қаралған. Оның үстіне сатушы компания зейнеткерге қымбат көлікті ұтып алуға мүмкіндік бар деп, жақпа майдың 6 қорабын алғыздырған. Ол аз болғандай, осы жағдайдан кейін, зейнеткерге белгісіз біреулер «сот орындаушымыз, жақпа май сатқан компанияға қарсы сотқа беру жұмысын жүргіземіз» деп, 100 мың теңгеден жоғары соммада қаржы талап етіп, мазасын алған.
Департамент басшысы Айдос Дауешев тұтынушыға препараттан зардап шеккендігі туралы құжаттарды дайындап, сотқа арыз беру керектігін жеткізді.
Егерде Сіздердің тұтынушы ретінде құқықтарыңыз бұзылса, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 78, мекенжайы бойынша біздің департаментке жүгінуді сұраймыз.Байланыс тел: 87282415610, 87714412905