Жиын тақырыбы Жолдау

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын талқылау бойынша Сарқан көпсалалы колледжінің оқытушылары мен студенттеріне түсіндіру жиыны өткізілді.


Колледж директоры Мұхтар Әлібекұлы өзінің алғы сөзінде Мемлекет басшысының қазіргі Жолдауы бірнеше негізгі бағыттарды қамтитынын және тұжырымдамалық құжат болып табылатынын, атап айтқанда, әлеуметтік қамсыздандыруды жақсарту, энергетика секторын жаңғырту мен атом энергетикасын дамытуды қоса алғанда, инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, әлеуметтік қолдау жүйесін жақсарту және заңдылық пен тәртіп қағидаттарын бекіту сияқты бағыттар бойынша ұсынылатын шаралар ерекше назар аударуға лайық екенін атап өтті.


Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев өз Жолдауында жариялаған АЭС құрылысы мәселесі бойынша алдағы референдумды талқылай отырып, іс-шараға қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

Мәліметпен бөлісу: