ЖОБАНЫ ТАЛҚЫЛАУ ЖАЛҒАСУДА

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті түрлі алаңдарда Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын талқылауды жалғастыруда.

Аталған тұжырымдама бүгін Алматы облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдеріне таныстырылды.

Іс-шараға Облыстық Ассамблея өкілдері, Департамент, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндалып, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттары таныстырылды.

Стратегиялық құжаттың маңыздылығымен таныстырған Департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, тұжырымдама қоғамның барлық саласына қатысты екендігін жеткізді.

Департамент басышысының бірінші орынбасары: Тұжырымдама жобасы 6 негізгі міндетті көздейтінін атап өтті:

құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және тәрбиелік және білім беру шараларын жүйелеу арқылы парасатты қоғамды қалыптастыру;

бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау және Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету арқылы сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін жою;

жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету;

қоғамдық бақылау институтын дамыту жолымен азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін күшейту;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру. Жандос Жұмабаев атап өткендей, Тұжырымдама жобасы көпшілікке қолжетімді, егер облыс тұрғындарында Тұжырымдама жобасы бойынша ұсыныстар, ескертулер, пікірлер болса, оларды upk_almobl@mail.ru электрондық поштаға жіберуге болады немесе Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 36/42, Antikor Ortalygy мекенжайы бойынша Агенттіктің Алматы облысы бойынша аумақтық департаментіне хабарласу қажет.

Мәліметпен бөлісу: