Жуырда Сарқан қаласының тұрғыны, Қарақалпақстан тумасы Мұратғали Қожабергенов тұрған жерден туған жерге желісімен велосипедпен жолға шықты. Кіндік қаны тамған өңірге велосипедпен жетуді жөн көрген азаматты аудан әкімінің орынбасары Ғ.Маманбаев бастаған топ аудандық мәдениет үйінің алдында салтанатпен жолға шығарып салды.
Шараға арнайы қатысқан аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қадыл Жанасбеков, ауданның бас имамы Серікбек Асқар үлкен іске бел буған азаматқа ақ жол, сәттілік тілесе, ақсақал Қожамсейіт Сүлейменовтың ақ ниет арқалаған батасына көпшілік «Әумин» деп бет сипасты. Қос дөңгелекке аяқ артқан Мұратғали Тарғынұлы жиналғандарға ризашылығын білдіріп, жолға түсті.
Өз тілшіміз.