Жол салу мәселесі өзекті


Жол салу мәселесі қашан да өзекті. Көше жолы асфальттанып, жарықпен қамтамасыз етілсе, халыққа қолайлы болмақ. Осы ретте, жыл сайын ауданда көше жолдарын жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, тегіс жолдардың көлемі артуда.

Негізі, тіршіліктің, экономиканың күретамыры саналатын жол  кез келген мемлекеттің әлеуметтік жағдайының көрсеткіші бола алады. Сондықтан өзге елмен байланысын арттырып, қарым-қатынас орнатқысы келген мемлекет ең бірінші жолдың сапасына назар аударуға тиіс. Өңірде күре жолдардың сапасына басты назар аударылып келеді.

2024 жылы аудандық және елді мекендердің ішкі жолдарының жалпы ұзындығы 409 шақырымды құрайды екен. 2024 жылдың басында жалпы аудандық ішкі жолдардың қанағаттанарлық үлесі 68 пайызды құраған болатын және атқарылған жұмыстардың негізінде жыл соңында 70 пайызға жетті.

Мәліметпен бөлісу: