Елбасының халыққа Жолдауы жақсы дәстүрге айналды. Мемлекет басшысы қазақстандықтардың әл-ауқатының маңызды негізі ретінде әлеуметтік салаға және адами капиталды дамытуға үнемі ерекше назар аударып отырады.
Президенттің жыл сайынғы халыққа Жолдауы – еліміз үшін маңызды саяси оқиғалардың бірі. Жаңа 2018 жылдың табалдырығында тұрған еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Өткен жылдың басында Елбасының бастамасымен Конституциялық реформа жүргізілді. Қазақстан экономиканы жаңа деңгейге көтеретін Үшінші жаңғыруға қадам басты. Мәні терең, кең ауқымды «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық құжатқа сәйкес жұмыстар жалғасып жатыр. Алғашқы жемістерін де беруде. Қазақстан бойынша осы бағдарлама аясында біршама мәселелер де шешімін тауып отырғаны ақиқат. Мемлекетіміз бүгінгі күнмен ғана шектеліп қалмақ емес. Еліміз алдағы уақытта да дамудың жаңа мүмкіндіктерін іздеуді тоқтатпайды. Әлемдік кеңістікте жалғыз өмір сүрмейміз, сондықтан дүниежүзінде қалыптасқан саясатпен санасу қажет. Президенттің Жолдауында елдің одан әрі дамуы үшін әбден ой талқысынан өтіп, уақыт тезімен түзелген нақты тапсырмалар беріледі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жолында әрбір қазақстандық маңдай терін төгуі керек. Сонда ғана Бір Ел, Бір Мемлекет, Бір Тағдыр болмақ.
Сабыржан Нұржанов
Зейнеткер