Жақында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың аудандық штаб мүшелері Айман Қарамолдинова, Жамал Доланбаева аудандық «Қазпошта» ұжымының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында аталмыш штаб мүшелері Мемлекет басшысының биылғы жаңа Жолдауындағы бес бағыт жүктейтін мақсаттар мен міндеттерді тарқатып айтып, Әділетті Қазақстанды құру өз қолымызда екендігіне тоқталды. Жолдаудағы әрбір бағыт кемел келешекке жол ашатындығын жеткізіп, оны жүзеге асыру зор жауапкершілік жүктейтіндігін атап өтті. Сонымен қатар мемлекетіміз үшін тарихи маңызы бар саяси науқан – сайлау кезінде азаматтық белсенділік танытып, сайлауды лайықты өткізуге атсалысу қажет екендігін жеткізді.
Сондай-ақ штаб мүшелері елдегі саяси дамуды өзгерту азаматтардың сайлауалды әрекеттеріне тығыз байланысты екендігін айтып, ауызбіршілік, ұйымшылдық танытуға шақырып, ұжым қызметкерлері тарапынан түскен сауалдарға жауап берді.
Өз тілшіміз.