
Қазақстан экономикасы осы жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындылары бойынша 6,2%-ға жетіп, оң өсімді көрсетуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.
📊Бұл қарқын алғашқы бес айға қарағанда 0,2%-ға жоғары және соңғы 14 жылдағы ЖІӨ өсуінің ең жоғары көрсеткіші болып саналады. Салыстыру үшін, өткен жылдың ұқсас кезеңінде өсім 3,2%-ды құрады.
📈
Экономиканың нақты секторы +8% және қызмет көрсету саласы болды, ол
5,2%-ға өсті. Көлік (+22,7%) және құрылыс (+18,4%) салалары айтарлықтай
үлес қосты. Сондай-ақ саудада жандану және тау-кен өнеркәсібінде тұрақты
өсу байқалады (+8,4%).Өңдеу секторы 5,5%-ға, ал ауыл шаруашылығы
3,7%-ға өсті.