Жыл қорытындысы – жиын өзегі

Жақында аудандық сот қабырғасында аудандық сот төрағасы Е.Байболовтың қатысуымен өткен жылды қорытындылаған баспасөз брифингі болып өтті. Аталмыш жиынға аудандық «Сарқан» газетінің тілшілері П.Жеңісхан, Ж.Игіманов қатысып, 12 айлық жұмыстың жай-жапсарына қанықты.

 

Брифинг барысында сот төрағасы өздері тарапынан қаралған істер бойынша жан-жақты мәлімет берді. Атап айтқанда қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді нақты сандармен саралаған Ержан Қалимолдаұлы медиация тәртібіне жүгінетін жандардың артуын оң үрдіске балады. Жиын соңында сот төрағасы журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сарқан аудандық соты.

 

Мәліметпен бөлісу: