Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы әдеттегідей көкейкесті мәселелерді қозғап отыр. Оның ішінде мен денсаулық жүйесінің тиімділігін артыру бағытындағы міндеттерге жете ден қойдым. «Дені сау ұлт» жобасына сәйкес еліміздің қауіпсіздігі басты назарда болғандығы біздің өз жұмысымызға жауапкершілікпен қарауымызды талап етеді. Президент елімізде жаппай екпе салу жүріп жатқанымен қоғамда оған қарсы адамдардың жеткілікті екендігін дұрыс атап көрсетті. Әрі қарай дамуға бейімделу үшін қауіпті дертке тосқауыл қоятын екпеге қарсылықты қоғам болып жоятын мезгіл жетті. Тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жандандырып, бұл салаға еріктілерді көптеп тартқанымыз абзал.
Жамал ДОЛАНБАЕВА,
Сарқан аудандық мәслихатының депутаты.