Жыр алыбының мерейтойын өткізу жоспары таныстырылды


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Мемлекеттік хатшы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірде жүзеге асырылу және жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық барысымен танысты.
Сапарда Мемлекеттік хатшымен бірге Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бірге жүріп, Қарасай және Жамбыл аудандарындағы бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандарда болды.
Атап айтсақ, ресми өкілдер Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығындағы музейлік экспозициялармен танысты.
Аталмыш мәдени орталық Шамалған ауданында бой көтерген. 2017 жылы бұқара үшін есігін айқара ашқан еді. Нысанның жалпы ауданы, 3,500 га, ал музейдің орналасқан жері 1249,5 шаршы метірді құрайды.
Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының басты бағыты- халыққа мәдени және рухани қызмет көрсету. Мұражайда тұңғыш Президенттің сара жолынан сыр шертетін 4-экспозициялық зал жұмыс жасайды. Тарих қойнайына енетін құнды деректерге толы ғимаратқа келушілер саны аз емес. Аталған орталыққа 76 мыңнан астам қонақ келіп, 2429 экскурсия өткізілген.
Қырымбек Көшербаев өткен жылы қазан айында Алматы облысына табан тіреген болатын. Ол кезде, минситірлік бекіткен жұмыс жоспарларының Жетісу өлкесінде жүзеге асырылуын бағамдап қайтқан еді.
Іссапар барысында, Мемлекеттік хатшы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Туған жер» жобасының аясында бой көтерген «Үшқоңыр» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды. Кешен ішіндегі бассейнді, спорт залдарын аралап, даладағы футбол алаңын көріп, спорттық жаттығулар мен ойындардың барысына куә болды.

Биылғы жылдағы айтулы шаралардың бірі, Жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығы. Ғасыр ақынының өшпес мұрасын ұлықтауды ұмыт қалдырмаған Қырымбек Көшербаев бастаған топ Ж.Жабаевтың әдеби-мемориалды музейіне барып, алдымен музей алдына қойылған ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Жыр алыбының өзі тұрған үй музей ретінде жабдықталған. Оның ішкі бөлмелерін, ақынның тұтынған бұйымдарын, музей қабырғасына жағалай ілінген өмірі мен творчествосы туралы жәдігерлерді тамашалады. Облыс әкім Амандық Баталовтың айтуынша, әдеби музей кейінгі жылдары кеңейтіліп, қосалқы ғимаратпен толықтырылған. Осы арада облыс басшысы биылғы мерейтойларына байланысты Жетісу өңірі арнайы шығарған Жамбыл мен Мұқағали ақындардың кітаптарын қонақтарға сыйға тартты.

«Қасым Жомарт Тоқаев Кемелұлының жарлығымен өткен жетіде Жамбыл жабаевтың 175 жылдығын ұйымдастырып,іс-шараларды өткізу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Келесі аптада бірінші отырысы болады және сіздер білесіздер 28 ақпан күні Жамбыл ақынның туған күні.Соның қарсаңында 6 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында және Қазақстанның барлық елді мекендерінде, сондай-ақ шетелдерде Жамбыл атамызға қойылған ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып әр түрлі іс-шаралар өтілді. Бүгін біз Елбасы мен Президент тапсырмасының шеңберінде, Алматы облысының басшылығы,мәдениет министірлігі бәріміз осында келіп,Жамбыл атамыздың басына тәу етіп,ниетімізді білдіріп,осы іс-шаралардың алғашқы қадамын жасап отырмыз. Ұлттық рухани жаңғырудағы ең бірінші еске түсетін тұлғалардың бірі Абай Құнанбайұлы мен Жамбыл Жабаев. Олардың өшпес мұраларын ұрпақ жадында жаңғырту парызымыз»,-деді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев.

Атап өтсек, Алматы облысында Жамбыл Жабаевтың мерейтойына байланысты іс-шаралар жоспары әзірленген. Онда ақын туралы биографиялық фильмнің түсірілімі, өмірі мен шығармашылығына қатысты кітаптар шығару, ақындар айтысын өткізу, мәдени ескерткіштер орнату, суретшілердің халықаралық плэнерін өткізу және т.б. шаралар қарастырылған.

Мәліметпен бөлісу: