
Кездесу барысында кандидат 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі басым бағыттарын кеңінен таныстырып, алдағы жоспарлар мен өңірді дамытуға бағытталған міндеттерді түсіндірді.
Сонымен қатар, аға буын өкілдері өз ой-пікірлерін білдіріп, қоғамдағы өзекті мәселелер мен халықтың әл-ауқатын арттыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Қариялардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі – қоғам үшін қашанда құнды. Өйткені елдің болашағын қалыптастыруда ұрпақтар сабақтастығы, өзара құрмет пен бірлік ерекше маңызға ие.
Халықпен ашық диалог – өзекті мәселелерді түсініп, ел мүддесіне қызмет етудің маңызды жолы!
