Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Е. Блискельдинов «Жанұя» отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қарияларымен кездесу өткізді


Кездесу барысында кандидат 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі басым бағыттарын кеңінен таныстырып, алдағы жоспарлар мен өңірді дамытуға бағытталған міндеттерді түсіндірді.
Сонымен қатар, аға буын өкілдері өз ой-пікірлерін білдіріп, қоғамдағы өзекті мәселелер мен халықтың әл-ауқатын арттыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Қариялардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі – қоғам үшін қашанда құнды. Өйткені елдің болашағын қалыптастыруда ұрпақтар сабақтастығы, өзара құрмет пен бірлік ерекше маңызға ие.
Халықпен ашық диалог – өзекті мәселелерді түсініп, ел мүддесіне қызмет етудің маңызды жолы!

Мәліметпен бөлісу: