«ӘДІЛЕТ» партиясынан Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Дәрібаев Нұрбол Нұрланұлы Бірмандатты сайлау округі № 2

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026–2031 жылдарға арналған

«ӘДІЛЕТ» партиясынан Сарқан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат

Дәрібаев Нұрбол

Нұрланұлы

Бірмандатты сайлау округі № 2

«Ауыл – ұлтымыздың алтын бесігі. Ауылды дамыту – баршамызға ортақ міндет»

 Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев

Құрметті сайлаушылар!

 Мен  Дәрібаев Нұрбол Нұрланұлы, 1998 жылы 6 қарашада    Семей облысында Аягөзде туып өстім.  Отбасылық жағдайым үйленгенмін   2 ұлым 2 қызым бар.  Менің кәсіби мамандығым мәдениет және өнер саласы Бұл саладағы жұмыс маған аудан халқымен ауқымды шараларды өткізуді , тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауды, туған жерге қамқорлық жасаудың және әрбір адамның оның дамуына қосатын үлесінің қаншалықты маңызды екенін түсінуді үйретті. Қазіргі таңда Сарқан аудандық мәдениет үйінің әншісімін. Кәсіби саламдағы жұмыс аудан мәдениеті мен өнерін биік шыңға шығаруды  талап етеді.

Мен ауданның әл-ауқаты  жастар мен тұрғындардың күнделікті өмір сүру жағдайларына байланысты қалыптасады деп сенемін. Мәдениет пен өнерден басқа,  ауданның көкейтесті мәселелері атап айтқанда сапалы ауызсумен қамтамасыз етілу, жақсы жолдармен жүру, медициналық көмек алу, балаларға сапалы білім беру және үйге жақын жерден жұмыс табу мүмкіндігі — мұның барлығы ауданымыздың  болашағына тікелей әсер етеді.

Депутаттық қызметімде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, жергілікті өндірушілер мен кәсіпкерлерді қолдауға, жастардың өз қабілеттерін жүзеге асыруына жағдай жасауға және өлкеміздің табиғи байлықтарын сақтауға бағытталған бастамаларға басымдық беруді көздеймін. Бұл ретте «Әділет» партиясының қағидаттары мен мақсаттарын маңызды бағдар ретінде ұстанамын.

Әрбір ұсыныс нақты іспен жалғасуы керек деп есептеймін. Сондықтан тұрғындар үшін маңызды мәселелердің уақтылы қаралуына, қажетті жобалардың қаржыландырылуына және жауапты мекемелердің өз міндеттерін орындауына қол жеткізу қажет. Сонымен қатар халықпен тұрақты байланыс орнатып, тұрғындардың пікірін ескеріп, атқарылған жұмыстар туралы шынайы ақпарат беру де маңызды.

Құрметпен, Нұрбол Дәрібаев!

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

Қала аумағында жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының сапасына, белгіленген мерзімде аяқталуына және жол жабынының талаптарға сәйкестігіне тұрақты мониторинг жүргіземін.

2. СУ, ЖАРЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Электр және жылу желілерін жаңғырту жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуына тұрақты мониторинг жүргіземін. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың электр энергиясымен және жылумен үздіксіз қамтамасыз етілуін, тозығы жеткен инженерлік желілердің кезең-кезеңімен жаңартылуын бақылауда ұстаймын.

                               «Мықты өңірлер – мықты ел!

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ

Шағын кәсіпорындардың өндірістік және қызмет көрсету нысандарына кіреберіс жолдардың қолайлылығын, электр қуатына және басқа инженерлік желілерге қосылу мәселелерін назарда ұстаймын

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Қала кәсіпорындарының өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтуге, жергілікті өнім өндірушілердің нарыққа шығуына және жаңа технологияларды енгізуіне бағытталған бастамаларды қолдаймын. Өндірістік аймақтардағы көлік қатынасы мен инженерлік инфрақұрылымға қатысты мәселелердің шешілуін бақылауда ұстаймын.

5. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Құрылыс техникасының операторлары, жүргізушілер, механиктер, дәнекерлеушілер және басқа да техникалық мамандарды даярлау бағытындағы бастамаларды қолдаймын. Колледж студенттерінің жергілікті кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтуіне және алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мәселелерін көтеремін.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Тұрғындардың емханаларға тіркелу, дәрігер қабылдауына жазылу және қажетті тексерулерден өту кезінде кездесетін мәселелерін зерделеймін. Медициналық мекемелердің жабдықталуына, мамандармен қамтамасыз етілуіне және қызмет көрсету жағдайына қатысты ұсыныстарды жауапты органдардың қарауына енгіземін.

7. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ЖАҒДАЙ

Мектептер мен балабақшалар маңындағы көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және жаяу жүргіншілер өткелдерін талапқа сай жабдықтауға ерекше назар аударамын. Балалардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуі үшін аулалардағы спорт және ойын алаңдарының техникалық жағдайына тұрақты мониторинг жүргіземін.

8. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберіс жолдарын, аулаішілік өткелдерін және автотұрақтарын ретке келтіруге қатысты тұрғындардың ұсыныстарын көтеремін. Қозғалысы шектеулі азаматтар үшін қолайлы орта қалыптастыруға атсалысамын.

9. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Қаланың барлық тұрғын алаптарында, әсіресе шеткі аумақтарда сапалы интернет пен тұрақты ұялы байланысқа қолжетімділікті арттыруға ықпал етемін. Тұрғындарға арналған цифрлық қызметтерді дамыту, жастардың ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы білімін жетілдіру және заманауи цифрлық кеңсенің іске қосылуы жөніндегі жұмыстарды назарда ұстаймын.

10. ТАЗА ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР

Тұрғын үй аулаларында қоқыс жинау орындарының талапқа сай жабдықталуын, қалдықтардың уақтылы шығарылуын және қоғамдық аумақтардың тазалығын қадағалаймын.

Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!

Нәтижеге сіздің сеніміңіз жауапты!

Әрбір шешім туған жеріміздің игілігі үшін!

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

Ауданымыздың басты құндылығы — күнделікті адал еңбегімен, жауапкершілігімен және туған жеріне деген сүйіспеншілігімен оның дамуына үлес қосып жүрген адамдар.

Әрбір елді мекен дамып, әрбір отбасының тұрғындары лайықты өмір сүру жағдайларына ие болуы керек. Сапалы жолдар, қолжетімді медициналық көмек пен білім беру, жаңа жұмыс орындары және жастарға арналған мүмкіндіктер — нақты істер арқылы жүзеге асырылуы тиіс маңызды міндеттер.

Көптеген мәселелерді шешу уақыт пен бірлескен күш-жігерді қажет ететінін түсінемін. Соған қарамастан, мен бар мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге, тұрғындардың мүдделерін қорғауға және депутаттық өкілеттігім аясында нақты нәтижелерге қол жеткізуге дайынмын. Халықтың сенімі сөзбен емес, нақты іспен ақталуы керек деп есептеймін.

Тек күш-жігерімізді біріктіре отырып, өмір сүруге, болашаққа сеніммен қадам басуға, еңбек етуге және бала тәрбиелеуге қолайлы аудан құра аламыз!

МЕНІҢ ҚАҒИДАТТАРЫМ

Барлық тұрғындар мен елді мекендерге тең әрі әділ көзқарас таныту. Еңбек адамдарына құрмет көрсету, сөзде адал болу және қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік алу. Халықпен ашық диалог орнатып, әрбір тұрғынның мүддесін дәйекті түрде қорғауға дайын болу.

Мен сіздермен әрдайым байланыс орнатуға дайынмын, сіздердің идеяларыңызға, өтініштеріңіз бен ұсыныстарыңызға ашықпын. Мен үшін әрбір адамның пікірін тыңдау, бар мәселелерге мұқият назар аудару және тиімді шешімдер табу үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмсау маңызды.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Дайындаған: «Айару» ЖК

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй

Таралымы:1000 дана.

Тапсырыс беруші: Дәрібаев Нұрбол Нұрланұлы

 Сарқан аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді.

Мәліметпен бөлісу: