
Аға буын өкілдері үшін еліміздің тыныштығы, жастардың білімді болып өсуі, ауыл мен қаланың көркеюі, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы ерекше маңызды. Өткен кезеңдердегі тәжірибе тұрақтылық пен бірліктің, еңбек пен жауапкершіліктің қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
Бүгінгі ұрпаққа білім алу, кәсіп меңгеру, шығармашылықпен айналысу және өз қабілетін жүзеге асыру үшін кең мүмкіндіктер беріліп отыр. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану, адал еңбек ету, елге қызмет ету және ұлттық құндылықтарды сақтау – жастардың басты міндеттерінің бірі.
Әрбір азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қоғамның дамуына үлес қосуы керек. Отбасындағы тәрбие, еңбекке деген құрмет, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық және туған жерге деген сүйіспеншілік қоғамның рухани негізін қалыптастырады.
Біз еліміздің болашағы жарқын, экономикасы тұрақты, қоғамы бірлігі жарасқан, азаматтары адал әрі жауапты мемлекет болғанын қалаймыз. Осы мақсатқа жету жолында Президент Жолдауында белгіленген міндеттердің жүзеге асуына әрбір азамат өз үлесін қосуы тиіс. Елдің болашағы – ортақ жауапкершілігіміз.
Ә. Ерболаев, Сарқан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
