ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ

Қазақстан халқына арналған Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау мақсатында «Әділет» партиясы Сарқан аудандық филиалының өкілдері арасында кездесу өткізілді.

Кездесуде халықтың табысын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті қолдау, ауылдық аумақтарды дамыту және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар Жолдауда белгіленген міндеттердің әрбір азаматтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті. Әсіресе, ауыл тұрғындары үшін қолжетімді инфрақұрылым, сапалы медициналық қызмет, білім беру және тұрақты жұмыспен қамту мәселелері өзекті екені айтылды.

Елдің дамуы ең алдымен халықтың өмір сүру деңгейімен өлшенеді. Сондықтан әрбір бастама нақты нәтижеге бағытталып, халықтың игілігіне қызмет етуі тиіс.

Халықтың тұрмысы жақсарса – елдің еңсесі көтеріледі!

Мәліметпен бөлісу: