ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӨРКЕНДЕУІНЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Ағымдағы жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын арнады.

Осы халыққа арналған бағдарламада мемлекет басшысы алдағы жылдары атқарылатын көптеген мәселелерге тоқталды.

Президент Жолдауында кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту, отандық өндірісті дамыту және экономиканы әртараптандыру мәселелерінің көтерілуі бизнес қауымдастығы үшін маңызды. Кәсіпкерліктің дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, халықтың табысының артуына және өңірлердің экономикалық әлеуетінің нығаюына ықпал етеді. Бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай қалыптастыру, мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалану және кәсіпкерлердің бастамаларын ынталандыру экономиканың тұрақты дамуына негіз болады.

Жолдауда белгіленген бағыттар отандық кәсіпкерліктің өркендеуіне мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Д. РАЙЫМБЕКОВ,

шаруа қожалығының басшысы.

Мәліметпен бөлісу: