ЖЕТІСУДА «АЛТАЙ – АТЫРАУ» ҚОЙЫЛЫМЫ БАЛАЛАРҒА КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Талдықорған қаласында «Әділет» партиясы Жетісу облыстық және Талдықорған қалалық филиалы, Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен балаларға арналған мәдени-рухани іс-шара өтті. Іс-шара барысында Қазақстанның белгілі театр және кино актері Кендебай Темірбайұлы жетекшілік ететін «Жас актер» жастар театры «Айналайын» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері мен аз қамтылған отбасылардың балаларына «Алтай – Атырау» қойылымын ұсынды.
Іс-шараға «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Амангелді Есбай, Жетісу облыстық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы, партияның Әйелдер қанатының мүшесі Римма Салықова және «Әділет» партиясы Талдықорған қалалық филиалының төрағасы Нұрбек Құдайберген Жастар театрының шығармашылық ұжымы, «Айналайын» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері және аз қамтылған отбасылардың балалары қатысты.


Қойылым барысында балаларға ерекше көңіл бөлініп, олардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне жағдай жасалды. Театр ұжымы жас көрермендермен еркін қарым-қатынас орнатып, қойылымды балалардың жас ерекшелігіне сай әсерлі түрде ұсынды.
«Алтай – Атырау» қойылымы арқылы сіздерге жақсы көңіл-күй сыйлап қана қоймай, ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізге деген қызығушылықтарыңызды арттырсақ деген ниеттеміз. Өнер – ұрпақ тәрбиесінің маңызды бір бөлігі. Балаларға өз өнерін арнап, олардың жүрегіне жол табуға тырысып жүрген азаматтардың еңбегі ерекше.


«Осындай игі бастамалардың жүзеге асуына атсалысып жүрген барша азаматтарға, ең алдымен, спектакльді сахналап отырған Кендебай Темірбайұлына алғысымды білдіремін. Балалардың қуанышын бөлісіп, олардың рухани дамуына үлес қосу – баршамызға ортақ міндет», – деді «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Амангелді Есбай.
Өз кезегінде театр ұжымы мұндай кездесулердің балалар үшін маңызы зор екенін атап өтті. Өйткені театр – көрерменге эмоциялық әсер сыйлап қана қоймай, адамгершілік, отансүйгіштік, мейірімділік және жауапкершілік секілді құндылықтарды жеткізудің тиімді жолдарының бірі.
Іс-шара соңында Жетісу облыстық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы, партияның Әйелдер қанатының мүшесі Римма Салықованың қолдауымен қойылымға қатысқан 250 балаға балмұздақ таратылды. Сондай-ақ «Айналайын» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тәтті сыйлықтар табысталды.
Мәдени іс-шара балалардың шығармашылыққа, ұлттық өнерге және театр мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мәліметпен бөлісу: