ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАУ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА БЕЙЖАЙ ҚАРАМАУ

«Әділет» партиясы Сарқан аудандық филиалының бастамасымен Қазақстан халқына арналған Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттарды түсіндіру және талқылау жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында қатысушылар елдің алдағы даму кезеңіне арналған стратегиялық міндеттерді саралап, олардың қоғам өміріндегі маңыздылығына тоқталды.

Әсіресе, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуы, жастарды қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық жауапкершілікті арттыру және өңірлердің әлеуетін тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты – маңызды мемлекеттік бастамаларды халыққа кеңінен түсіндіру, азаматтардың пікірін тыңдау және қоғамда ортақ түсінік қалыптастыру.

Жолдау – тек алға қойылған міндеттер жиынтығы емес, ол еліміздің ертеңіне деген сенім мен жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Бірлік бар жерде – тірлік бар. Ортақ мақсат жолында бірге әрекет етейік!

Мәліметпен бөлісу: